ЖОҒАРЫ БЕЛДІ КЕҢ ШАЛБАР ГРАФИТ ТҮСТІ

34 990 ₸
Размер
Бесплатная доставка
Пішінді айқындап, қозғалыс еркіндігін шектемейді
Бел мен жамбас сызығын ұстап тұрады, бірақ қысым жасамайды
4 бағытта созылатын мата — «екінші терідей» әсер
Ылғалды шығарады, белсенді күнде сергектік сыйлайды
Көп жуудан кейін де серпімділігі мен тығыздығын сақтайды
Гарантия 30 дней: вернём деньги, если не понравится
Сипаттама

TOMYRIS графит түсті, тегіс және тыныс алатын шалбарлары күн сайынғы еркіндік пен сенімділікке арналған. Жұмсақ, барқыттай материал теріге нәзік тиеді, төрт бағытта созылатын мата әр қадамда еркіндікті сезіндіреді, ал алдыңғы жағындағы ұқыпты қатпарлар силуэтті сымбатты және әсем етіп көрсетеді. Жоғары бел, ұзындығы үйлесімді, белдің ішкі жағы тегіс және жасырын қалталары бұл модельді кеңсе, іссапар немесе күнделікті кездесулерге мінсіз етеді. Әр қадамда — жеңілдік пен сенімділік.

Жеткізу мен төлем

 

1. Алматы бойынша жедел жеткізу (Yandex)
— 2 сағат ішінде, 9:00-дан 17:00-ке дейін
— Yandex тарифтеріне сәйкес бөлек төленеді

2. Ірі қалаларға жеткізу (DHL)

— Экспресс: 1-3 жұмыс күн, 3500 тг (35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде  жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы, 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде тегін)

3. Ірі қалаларға жеткізу (Fedex)
— Стандарт: 1-8 жүмыс күн, 3000 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)

4. Шалғай аудандарға жеткізу (Қазпошта)
7-10 жүмыс күн, 2500 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)

Ескерту: 35 000 теңгеден жоғары сомаға тапсырыс кезінде стандартты Каз пошта және Fedex жеткізулері тегін.

DHL экспресс жеткізу үшін 35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде  жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы тағайындалады. 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде жедел жеткізу тегін. Yandex арқылы жеткізу бөлек есептелінеді және тапсырыспен бірге төленеді - тарифтеріне сәйкес.

Төлем әдістері:

Тапсырысты рәсімдегеннен кейін сізге шот жібереміз — ол Kaspi немесе Halyk қосымшасына түседі. Шотты төлеген соң, біз тауарды таңдаған жеткізу тәсілі арқылы бірден жібереміз. Сондай-ақ, шот бойынша бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады:

  • Kaspi Red / Kaspi бөліп төлеу12 айға дейін
  • Halyk бөліп төлеу6 айға дейін

Шотты алған соң, сіз өзіңізге ыңғайлы төлем түрін қосымшада өзіңіз таңдайсыз.




Қайтару мен айырбастау

Біз барлық тауарларымызға 30 күндік кепілдік ұсынамыз. Осы мерзім ішінде қайтару немесе айырбастау жасауға болады. Тауар бастапқы күйінде, жапсырмалары сақталған болуы керек. Жай ғана бізге WhatsApp арқылы хабарласыңыз: +7 707 500 9729 және біз сіздің мәселеңізді тез шешеміз.

НЕЛІКТЕН СІЗ БҰЛ ТАУАРҒА ҒАШЫҚ БОЛАСЫЗ!

Жиі қойылатын сұрақтар

Артқы жағында қатты немесе резеңке ендірме бар ма?

Жоқ, бел аймағы жұмсақ және серпімді. Ішкі жағында бауы бар, қонысын өзіңізге ыңғайлап реттей аласыз. Қатты элементтер жоқ, сондықтан бел табиғи әрі жайлы қонып тұрады.

Шалбардың балағы тым кең, “қап сияқты” көрінбей ме?

Балағы кең - иә, бірақ “қап тәрізді” көрінуі бой мен өлшемге байланысты. Дұрыс өлшем таңдалса, шалбар төгіліп тұрады, ауыр көрінбейді. Бойы аласа адамдарда балағы аздап көлемдірек көрінуі мүмкін.

Бұл шалбармен күні бойы жүруге бола ма – кеңседе, серуенде, шаруамен?

Иә, дәл сол үшін жасалған. Матасы жеңіл, тыныс алады, қажамайды және қозғалысқа кедергі келтірмейді. 8–10 сағат киіп жүрген күннің соңында да жайлылық сақталады.

Жүру кезінде дыбыс шықпайды ма?

Жоқ. Матасы жұмсақ және жеткілікті тығыз, сондықтан жүру кезінде дыбыс шығармайды және пішінін әдемі ұстап тұрады.

Тізе тұсы созылып кетпей ме?

Жоқ. Бұл мата пішінді жақсы ұстайды, күн ішінде созылып немесе тізе тұсынан “жабысып” қалмайды.