Тарылтқыш боди-шорты
SilkForce™ · Аймақтық тарылту · Көйлек, комбинезон және шалбар астына
Тарылтқыш боди-шорты
SilkForce™ · Аймақтық тарылту · Көйлек, комбинезон және шалбар астына
Tomyris киген сіз
Бәрі көшіреді. Ешкім қайталай алмады.
Tomyris бестселлері: тығыз мата белді, ішті және бүйір тұстарын жақсы қысып, қолдау көрсетеді, ал кеуде мен бөксе тұстарындағы жұқалау бөліктер денеге жұмсақ қонады. SilkForce™ матасы тегіс әрі жібектей жұмсақ, дене қозғалысына қарай созылып, пішінін қайта қалпына келтіреді. Шорты пішімі көбірек жабуды қамтамасыз етіп, киім астындағы тұтас бірінші қабат ретінде қызмет етеді.
Іш киімсіз киюге арналған. Жамбастан бастап жоғары қарай, матаны дене бойымен бірте-бірте тегістеп, таратып киіңіз.
1. Алматы бойынша жедел жеткізу (Yandex)
— 2 сағат ішінде, 9:00-дан 17:00-ке дейін
— Yandex тарифке сәйкес бөлек төленеді
2. Ірі қалаларға жеткізу (DHL)
— Экспресс: 1-3 жұмыс күн, 3500 тг (35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы, 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде тегін)
3. Ірі қалаларға жеткізу (Fedex)
— Стандарт: 1-8 жүмыс күн, 3000 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)
4. Шалғай аудандарға жеткізу (Қазпошта)
— 7-10 жүмыс күні, 2500 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)
Ескерту: 35 000 теңгеден жоғары сомаға тапсырыс кезінде стандартты Қазпошта және Fedex жеткізулері тегін.
DHL экспресс жеткізу үшін 35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы тағайындалады. 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде жедел жеткізу тегін. Yandex арқылы жеткізу бөлек есептелінеді және тапсырыспен бірге төленеді - тарифтеріне сәйкес.
Төлем әдістері:
Тапсырысты рәсімдегеннен кейін сізге шот жібереміз — ол Kaspi немесе Halyk қосымшасына түседі. Шотты төлеген соң, біз тауарды таңдаған жеткізу тәсілі арқылы бірден жібереміз. Сондай-ақ, шот бойынша бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады
- Kaspi Red / Kaspi бөліп төлеу – 12 айға дейін
- Halyk бөліп төлеу – 6 айға дейін
Шотты алған соң, сіз өзіңізге ыңғайлы төлем түрін қосымшада өзіңіз таңдайсыз.
Жібектей жұмсақтық
Бархаттай нәзік текстура, алғашқы жанасудан-ақ денеге жайлы
Қысымсыз компрессия
Денені қолдап, силуэтті айқындайды, қысымсыз жайлылық пен қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді
Пішінді сақтау қасиеті
Әр жуу мен киюден кейін пішінін қайта қалпына келтіріп, жаңа күйін сақтайды
Өзіңізге сай пішімді таңдаңыз










