Биік белді белдемше

Телефонға арналған қалта · Кіріктірілген шорты · Корттан қалаға дейін

Жеңілдік бағасы 9 990 ₸ Әдеттегі баға 19 990 ₸

Биік белді белдемше

Телефонға арналған қалта · Кіріктірілген шорты · Корттан қалаға дейін

Жеңілдік бағасы 9 990 ₸ Әдеттегі баға 19 990 ₸

Түс: Ақ

Өлшем
Түс: Белый
Модельде: S, бойы 174 , 78/58/87
Бөліп төлеу айына 833 ₸-ден · немесе ⓘ

Телефон - шортыда. Сіз - ойында.

Жоғары қоным үлгісі бел сызығын айқындайды, ал тығыз белдік белсенді қозғалыс кезінде сырғымайды. Ішіне кіріктірілген серпімді шорт қозғалыс еркіндігі мен қажетті жабын береді; жеке қалта телефонды ұстап тұрады. Тозуға төзімді мата тез кебеді - кортқа, жаттығуға және қалаға арналған.

Бел сызығын айқындау
Кіріктірілген серпімді шорты
Тығыз белдік
Пішіні тұрақты сақталады
Жеткізу мен төлем

1. Алматы бойынша жедел жеткізу (Yandex)
— 2 сағат ішінде, 9:00-дан 17:00-ке дейін
— Yandex тарифке сәйкес бөлек төленеді

2. Ірі қалаларға жеткізу (DHL)

— Экспресс: 1-3 жұмыс күн, 3500 тг (35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде  жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы, 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде тегін)

3. Ірі қалаларға жеткізу (Fedex)
— Стандарт: 1-8 жүмыс күн, 3000 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)

4. Шалғай аудандарға жеткізу (Қазпошта)
— 7-10 жүмыс күні, 2500 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)

Ескерту: 35 000 теңгеден жоғары сомаға тапсырыс кезінде стандартты Қазпошта және Fedex жеткізулері тегін.

DHL экспресс жеткізу үшін 35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде  жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы тағайындалады. 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде жедел жеткізу тегін. Yandex арқылы жеткізу бөлек есептелінеді және тапсырыспен бірге төленеді - тарифтеріне сәйкес.

Төлем әдістері:

Тапсырысты рәсімдегеннен кейін сізге шот жібереміз — ол Kaspi немесе Halyk қосымшасына түседі. Шотты төлеген соң, біз тауарды таңдаған жеткізу тәсілі арқылы бірден жібереміз. Сондай-ақ, шот бойынша бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады

  • Kaspi Red / Kaspi бөліп төлеу – 12 айға дейін
  • Halyk бөліп төлеу – 6 айға дейін

Шотты алған соң, сіз өзіңізге ыңғайлы төлем түрін қосымшада өзіңіз таңдайсыз.

Қайтару мен айырбастау

Иә, алған күннен бастап 30 күн ішінде қайтарамыз немесе айырбастаймыз, егер зат киілмеген, жапсырмалары мен қаптамасы сақталған болса.

Егер тауарда ақау болса

Категориясына қарамастан, іш киім болса да, кез келген жағдайда айырбастаймыз немесе ақшаны қайтарамыз.

Бізге WhatsApp арқылы немесе care@tomyris.kz поштасына жазыңыз, біз қайтару немесе айырбастауды рәсімдеуге көмектесеміз.

FAQ

Матасы қаншалықты тығыз?

Белдемшенің сыртқы бөлігі жеңіл матадан, ал ішкі шорты - тығыз, мөлдірленбейтін матадан тігілген. Осы үйлесімнің арқасында модель жеңіл әрі нәзік көрінеді.

Ішкі шолақ шалбар бар ма? Олар қаншалықты жайлы?

Иә, белдемшенің ішіне жұмсақ әрі серпімді шорт тігілген. Ол теріні қажамайды, қозғалысты шектемейді. Белсенді жаттығуларда сенімділік беріп, жүргенде не жаттығу кезінде жоғары қайырылып кетпейді.

Қозғалғанда белдемше көтеріліп кетпейді ме?

Жоқ, ішкі шорт  денеге тығыз орналасып, орнынан жылжымайды. Жүгіру, жаттығу немесе секіру кезінде белдемше өз орнында қалады.

Қалта қайда орналасқан және оған не сияды?

Қалталар шорттың екі бүйіріне орналасқан. Оларға кілт, банк картасы немесе шағын құлаққап сияды — сөмкесіз алып жүруге қажет заттар қол астында.

Белдемшенің белі қалай қонады және фигураны қалай айқындайды?

Белдемше белден жоғары қонады — бел сызығын айқындап, аяқты визуалды ұзартып көрсетеді. Оны кроп-топпен, брамен немесе футболкамен үйлестірсе, жинақы әрі спорттық бейне шығады.