Белбеу сөмкесі

Hands-free · Бар қажетті қол астында

Жеңілдік бағасы 4 990 ₸ Әдеттегі баға 6 990 ₸

Белбеу сөмкесі

Hands-free · Бар қажетті қол астында

Жеңілдік бағасы 4 990 ₸ Әдеттегі баға 6 990 ₸

Түс: Қара

Түс: Черный
Бөліп төлеу айына 416 ₸-ден · немесе ⓘ

Бар керегім - белде

Бір литр көлем: телефон, карта, кілт және ұсақ-түйек сыяды, ал белде сөмке ықшам болып қалады. Ішінде негізгі бөлім мен үш торлы қалта, сыртында тағы бір сырмалы қалта бар.

Сырғытпадағы ілмек бірден қолға ілінеді - тоқтамай, бір қолмен ашасыз. Белбеу жүргенде де, жүгіргенде де орнында.

Құлып ішке қаратып жасырылған: теріні қажамайды, заттарға ылғал жібермейді. Материалы жеңіл, пішінін ұзақ сақтайды.

Бөлшектердегі минимализм
Ылғалдан қорғаныс
Ақылды сыдырма
Құрамы мен күтімі

Құрамы: Сыртқы қабаты 100% полиэстер, Астары 100% қайта өңделген полиэстер, Аралық қабаты 100% SBR

Жеткізу мен төлем

1. Алматы бойынша жедел жеткізу (Yandex)
— 2 сағат ішінде, 9:00-дан 17:00-ке дейін
— Yandex тарифке сәйкес бөлек төленеді

2. Ірі қалаларға жеткізу (DHL)

— Экспресс: 1-3 жұмыс күн, 3500 тг (35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде  жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы, 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде тегін)

3. Ірі қалаларға жеткізу (Fedex)
— Стандарт: 1-8 жүмыс күн, 3000 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)

4. Шалғай аудандарға жеткізу (Қазпошта)
— 7-10 жүмыс күні, 2500 тг (35 000 тг-ден артық сомаға тапсырыс бергенде тегін)

Ескерту: 35 000 теңгеден жоғары сомаға тапсырыс кезінде стандартты Қазпошта және Fedex жеткізулері тегін.

DHL экспресс жеткізу үшін 35 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде  жеделдік үшін 1000 тг көлемінде үстем ақы тағайындалады. 60 000 тг-ден жоғары сомаға тапсырыс бергенде жедел жеткізу тегін. Yandex арқылы жеткізу бөлек есептелінеді және тапсырыспен бірге төленеді - тарифтеріне сәйкес.

Төлем әдістері:

Тапсырысты рәсімдегеннен кейін сізге шот жібереміз — ол Kaspi немесе Halyk қосымшасына түседі. Шотты төлеген соң, біз тауарды таңдаған жеткізу тәсілі арқылы бірден жібереміз. Сондай-ақ, шот бойынша бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады

  • Kaspi Red / Kaspi бөліп төлеу – 12 айға дейін
  • Halyk бөліп төлеу – 6 айға дейін

Шотты алған соң, сіз өзіңізге ыңғайлы төлем түрін қосымшада өзіңіз таңдайсыз.

Қайтару мен айырбастау

Иә, алған күннен бастап 30 күн ішінде қайтарамыз немесе айырбастаймыз, егер зат киілмеген, жапсырмалары мен қаптамасы сақталған болса.

Егер тауарда ақау болса

Категориясына қарамастан, іш киім болса да, кез келген жағдайда айырбастаймыз немесе ақшаны қайтарамыз.

Бізге WhatsApp арқылы немесе care@tomyris.kz поштасына жазыңыз, біз қайтару немесе айырбастауды рәсімдеуге көмектесеміз.

FAQ

Сөмкеде қосымша қалталар бар ма?

Иә, ішінде ыңғайлы реттеуші бөлімдер бар.

Қозғалыс кезінде сырғып кете бермейді ме?

Жоқ, сөмке сенімді түрде бекітіледі және белсенді жүру немесе жүгіру кезінде де орнынан жылжымайды.

Белбеу ұзындығы реттеледі, бел айналымы 70–120 см аралығына сай келеді.

Сөмкеден заттарды алу оңай ма?

Иә, ойластырылған пішін мен сыдырмалардың арқасында бәрі қол астында және оңай қол жетімді.

Қандай матадан жасалынған?

Ылғалдан қорықпайтын, ұзақ уақыт бойы пішінін сақтайтын тозуға төзімді және жеңіл материал. Толығырақ "Материал" бөлімінен оқи аласыз

Сөмкеге телефон және басқа да керек заттар сияды ма?

Иә, 1 литрлік көлем ең қажетті заттар үшін жеткілікті: телефон, кілттер, карталар және басқа да ұсақ-түйектер. Шағын өлшемі (9 × 5 × 13 см) сөмкені практикалық тұрғыдан ыңғайлы етеді.