← TOMYRIS БЛОГЫ

Ыңғайлылық пен мінсіз нәтиже

Ыңғайлылық пен мінсіз нәтиже

Тарылтқыш боди — бұл тегіс силуэт жасауға және киімнің отыруын жақсартуға арналған көмекші. Дегенмен, ол өз функциясын 100% орындауы үшін оны дұрыс кию маңызды. Процесстегі қателіктер түзетуші әсерін азайтып қана қоймай, қажетсіз аймақтарды айқындап көрсетуі мүмкін. Бұл мақалада боди мүсініңізге тиімді ісер ету үшін оны қалай оңай әрі дұрыс кию керектігін талдаймыз.

 


 

Киер алдындағы МАҢЫЗДЫ ереже

Процеске кіріспес бұрын, дайындалғаныңызға көз жеткізіңіз:

✅ Киер алдында бодиді жинап алыңыз. 
Оны бірден ашылған түрінде тартуға тырыспаңыз — бұл процесті қиындатады. Төменгі бөлігін қолға мұқият жинап, содан кейін матаны дене бойымен біртіндеп жазған дұрыс.

 

 



Жалпы ұсыныстар

1️⃣ Төменнен жоғары қарай бастаңыз.
Бодиді шұлық сияқты киіңіз — матаны мұқият жинап, біртіндеп жоғары қарай тартыңыз. Бұл компрессияны бірқалыпты таратуға және қатпарлардың алдын алуға көмектеседі

2️⃣ Әр кезеңде матаны тегістеп отырыңыз. 
Бодиді жай ғана тартып қоймай, матаның бұратылусыз және қатпарсыз тегіс жатқанына көз жеткізу маңызды.

3️⃣ Аяқ қозғалысымен өзіңізге көмектесіңіз. 
Мата жамбасқа бекітілген кезде, материал бірқалыпты түсуі және артық керілу тудырмауы үшін аяқпен шағын қозғалыстар жасаңыз.

4️⃣ Асықпаңыз.
Тығыз коррекциялаушы маталар киген кезде ұқыптылықты талап етеді. Тігістерді зақымдамау және матаның бір жері екінші жеріне қарағанда қатты созылып кетпеуі үшін шапшаң қимылдан аулақ болыңыз.

5️⃣ Боди денеге шақ болуы керек, бірақ қыспауы тиіс.
Егер бір жерде қысым қаттырақ немесе қолайсыздық сезілсе, отыруы жайлы болуы үшін матаны сәл қайта таратып көріңіз.

6️⃣ Кигеннен кейін бірнеше қозғалыс жасаңыз.
Сәл еңкейіңіз, бұрылыңыз және сезімдеріңізге сүйеніңіз. Егер мата жиналып қалса немесе ыңғайсыз жерлерде тартып тұрса, оның орналасуын түзетіңіз.

Қорытынды

Сырын білген соң тарылтқыш бодиді кию әлдеқайда оңай болады, ал оның әсері — одан да айқын білінеді. Осы ұсыныстарды орындай отырып, сіз қолайсыздықты болдырмайсыз, мінсіз отыруды қамтамасыз етесіз және шынымен әсерлі нәтиже аласыз. Боди мүсініңізді ойластырғандай айқындай берсін! Егер сұрақтарыңыз болса, Tomyris командасы әрдайым көмектесуге дайын.

Тағы оқыңыз
Бодиді қалай таңдауға болады: қолдау деңгейлері бойынша нұсқаулық

Бодиді қалай таңдауға болады: қолдау деңгейлері бойынша нұсқаулық

Стиль бойынша күзгі гид: әр күнге арналған әмбебап образдар

Стиль бойынша күзгі гид: әр күнге арналған әмбебап образдар

Сіз білгіңіз келгеннің бәрі осында

Сіз білгіңіз келгеннің бәрі осында